14 Karaganda KTi 1 Азаматтық қорғау органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды жәнежүргізуді, сонымен қатар, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Кез-келгенқалаған жасөспірім осы салада сапалы білім ала алады.
Бүгінгі күні Қазақстанда «Өрт қауіпсіздігі» мен «Төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару» мамандықтары бойынша дайындықты жүргізетін жалғыз ведомстволық оқу орны ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты болып табылады.
Көкшетау техникалық институты – тегін білім алу мен кепілді жұмысқа орналасу.
Осы жоғары оқу орнының түлектері жоғары білім, офицер лауазымын алады және моральдық әрі іскерлік қасиеттерімен ерекшеленеді, олар әртүрлі төтенше жағдайларда шешім қабылдай алады. Институтты аяқтағаннан соң, тәрбиеленушілер ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелеріндеәрі қрай қызметтен өтуге жіберіледі.
Институтқа жалпы орта немесе орта кәсіби білімі бар, әскери қызметке денсаулық жағдайы бойынша жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Институтқа қабылдау медициналық, дене шынықтыру және психофизикалық көрсеткіштерін есепке алумен ҰБТ немесе ТКТ нәтижелері бойынша сертификат баллдарымен сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Конкурстың нәтижелері бойынша ең жақсы көрсеткіштер алған түлектер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарына жіберілуі мүмкін.
Сонымен қатар, Көкшетау техникалық институтында білім алған уақыт азаматтық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне қосылады. Институтты аяқтағаннан соң, түлектерге арнайы атақ – азаматтық қорғау лейтенанты беріледі. Көкшетау техникалық институтын бітірген барлық тұлғалар жұмыспен қамсыздандырылады, азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне қызметке тағайындалады, сонымен қатар тұратын жері ескеріледі.
Жыл сайын Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері жауапты әрі жетекші лауазымдарды алатын КТИ түлектерімен толығады.
Қарағанды облысы ТЖД
баспасөз қызметі