Өрт сөндіру қызметінің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі-тыныс алу жарамсыз ортада төтенше жағлдайды жою болып табылады.
Газ- түтіннен қорғау қызметінің ауыр да, ерекше тұстары ескере отырып бұл жаттығуды өткізудің мақсаты:олардың тыныс алу жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде шұғыл, әрі тиімді әрекет етуге дайындығын жоғарғы деңгейге арттыру болып табылады. Атырау қалалық горнизоны №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында газ-түтіннен қорғау қызметінің базасы орналасқан және базаның аумағында өрт сөндірушілердің психологиялық дайындығы отты белдеуі және контейнер түріндегі жылы түтін камерасы-5 (ЖТК-5) сонымен қатар «Лава» отты жаттығу кешені .
ГТҚҚ жөніндегі Тәлімдемесіне әдістемелік ұсынысқа сай, ағымдағы жылдың 12-20 ақпан аралығында горнизонның барлық газ-түтіннен қорғаушылардың қатысумен, түтінге оранған ортада және өрт сөндіру барысында орын алатын шеленісті жағдайда бағдар табу шеберлігін жетілдіру үшін, контейнерлі түрінде ЖТК-5 жатығу кешенінде өрт сөндірушілерге жаттығу өткізілді.
Жаттығу екі кешенен тұрады жүріп өтуге және жорғалай отырып қозғалуға мүмкіндікті беретін қозғалыс маршыруты жасалып , үйренушілердің қозғалыс жолында көптеген кедергілері бар күрделі орналасқан ортаға ұқсайтын қос деңгейлі түтін камерасына (лабиринт) тұрады, сондай-ақ жаттығу кезінде жарық және дыбыстық әсерлермен, әр алуан түтіндеудің тығыздығы, жергілікті немесе ауқымды қызу және қирау аймағын жасай отырып өткізілді.
Газ-түтіннен қорғаушылардың бойында жоғарғы температура жағдайда денеге түсетін ауырлыққа бейімділігін дамыту үшін, олар күш беретін жаттығу құрлысымен жабдықталған жылу - түтін камерасынан және «Лава» отты жаттығу кешенінен өтті.
Әр жаттығудан соң газ-түтіннен қорғаушылардың жаттығу барысында жіберген қателіктеріне егжей-тегжейлі талдау өткізіліп, жаттығуларды орындаудағы оң сәттері атап өтіліп отырылды.
 
Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»