2019 жылғы 21 ақпанда сағат 15.29-да күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының орталық өрт байланыс пунктіне Павлодар қаласы, Карл Маркс көшесі 286, 2 пәтер мекенжайында орналасқан жеке 2 пәтерлі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шақыру орнына келген соң, сағат 15: 37-де өрт пәтерлердің бірінде орын алғаны анықталды. 4 бөлмелі № 2 пәтерде 120 шаршы метр алаңында алаңдағы жиһаз, үй заттары, ішкі ағаш қалқалары, еден, үйдің шатырының ағаш конструкциялары толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін үйде болған он төрт жасар қыз терезе арқылы жанып жатқан пәтерден 2015 жылдары туған сіңлілерін алып шыққан.
Сауалнама жүргізу барысында № 39 жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Завьялова Ангелина осы күні мектепте болып, сабақтан кейін атасының үйіне сіңлісін алып кету үшін келгенін түсіндірді. Үйде атасы және 2015 жылы туған екі сіңлісі (туған және немере) болған. Ол демалып жатып қалған, бірақ біраз уақыттан кейін оны қорқып қалған сіңлілері оятқан. Үйде түтін мен өрт иісі сезілді. Ол ас үйде атасын іздеген, бірақ оны таба алмай, үйде жоқ деп шешті. Бір бөлменің терезесінен Ангелина кіретін есіктің жанып жатқанын көрді. Ол бірден куртканы киіп алып, терезені ашты. Алдымен өзі шығып, содан кейін сіңлілерін алып кетті.Үйдің жанынан өтіп бара жатқан көршісі оларды үйіне алып кетті.
Өрт сағат 16.35-те оқшауланып, сағат 19.51-де жойылды.
Өрт сөндірушілер 4 газ баллонды (50л., 27л.) алып шықты. Өрттің шығу себебі, шығыны анықталуда. Өрт сөндіру барысында, өрт сөндірушілер 1948 жылы туған үй иесінің денесін тапты.
 
Павлодар облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы