20 SRAOSO urok Көктемгі демалыс қарсаңында, сеңжүру және сутасқыны кезеңінде Қостанай облысы суайдындарында балалармен бақытсыз оқиғаларды болдырмау үшін құтқарушылар Қостанай қаласы Білім бөлімінің № 13 орта мектебінің тұғырында онлайн режимінде «Сеңжүру, сутасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережесі» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді. Онлайн сабаққа Қостанай облысының 52 мектебі қатысты, тыңдағандардың саны 1508 оқушыны құрады.
Көктем мезгіліндегі төтенше жағдай ұғымын анықтау, олардың әрекет ету тізбегі сабақтың тақырыбы және талқылаудың басты сұрағы болып табылды, сол сияқты өзін өзі құтқару техникасы және аптта зардапшеккендерге алғашқы көмек көрсету сұрақтарыда талқыланды. Тыңдалған материалды жақсы түсіну үшін тақырыптар слайтпен көрсетілді, ақпараттық-үйрету материалдары таратылды: жаднамалар және парақшалар.
Қар еру кезі бізден тәртіптілікті, сақтықты және мұзда және суда ұстану қауіпсіздік ережесін сақтауды талап етеді. Өз өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер!
 
«Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік
аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы)» ММ