19 PVLDr sovesh Облыс әкімі Б.Бақауовтың төрағалығымен өткен кеңесте қалалар мен аудандардың, сондай-ақ ТЖ департаментінің тиісті облыстық қызметтері мен бөлімшелерін алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері қаралды.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Е. С. Өтегенов ағымдағы жағдай, ауа-райы болжамы және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізу барысы туралы ақпарат берді. Аумақтық ТЖ органы бастығының ақпаратында өңір аумағында көп жылғы қадағалау мен мониторингтің нәтижесінде су тасқыны кезеңіне аса шалдыққыш 14 елді мекен белгіленгені аталып өтті. Су тасқыны өтуінің кезеңі осы ауылдарда әкімдіктер, сондай-ақ АҚ және ТЖ аудандық қызметтерімен ерекше бақылауға алдынды.
Баяндамада облыстың, қалалары мен аудандардың белгілі кәсіпорындары мен ұйымдары бастаған және орындалтын іс-шаралар тізбесі көрсетілді. Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Автомобиль жолдарында су өткізгіш құбырларды ашу және тазарту жұмыстары басталды. Профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстар жандандырылды. Су тасқыны кезеңінің қауіпсіздік айлығы шеңберінде БАҚ арқылы 37 сөз сөйлеу ұйымдастырылды (ТВ-5, радио - 24, баспа басылымдарында-8). 20 000 астам адамды қамтумен, халықпен жиын өткізіліп, үш мыңнан астам ұсыныс берілді.
Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда жалпы саны 1500 адам, 550 бірлік техника, 60 бірлік жүзу құралдары, 192ж. мотопомпасы бар облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы (ЖАО-126 бірлік, ТЖД 66 б.). құрылды
Өзара іс-қимылды пысықтау және жедел ден қою мақсатында ТЖ туындау қаупі кезінде іс-қимылдарды практикалық пысықтау арқылы 20 арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Сонымен қатар, баяндамада кейбір кемшіліктер мен проблемалық мәселелер айтылды.
Осы мәселе бойынша ТЖ комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Б. Бақауов аудандардың әкімдерін су тасқынының ықтимал теріс салдарын азайтуға бағытталған жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы тыңдады.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті тапсырмалар берді, олардың орындалуы департаменттің бақылауына алынды.
 
Павлодар облысы ТЖ департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы