18 Kyzyl Orda proverka 1 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы көктем кезеңіндегі орталық, солтүстік және шығыс өнірлерінде су тасқыны ахуалының ықтимал өршуіне жедел ден қою мақсатында 2019 жылғы 15 наурыз күні Қызылорда облысының жедел ден қою жасағының дайындығын дабыл бойынша көтеріп, тексеру жүргізілді.
Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінен 14 қызметкер, 3 бірлік техника (ЖА-2 – 1, БЖА-20 – 1, ӨНС-110 – 1), 2 лайлы мотопомпа және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан 12 құтқарушы 4 бірлік техника (ВАЗ 2329 – 1, Уаз 3909 – 2, Камаз 43118 – 1), 2 лайлы мотопомпа, 3 қайық (3 ілгекті мотормен) дайындыққа келтірілген. Жеке құрам 14 тәуліктік тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілгендігі анықталды.
Қызылорда облысының жедел ден қою жасағы тасқын суды жоюға дайын. Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С.Молдақараев осы өткізілген іс-шара туралы «Қазақстан» республикалық ұлттық арнасына сұхбат берді.
 
Қызылорда облысының ТЖД
Төтенше жағдайларды жою бөлімі