16 Aqmola Vzaimod 1 Ақмола облысының аумағында көктем өзінің күшіне ене бастады және облыста су тасқыны жағдайының күрделенуіне де алыс емес. Ақмола облысының ішкі істер органдары бөлімшелерінің жұмысы туралы дұрыс емес ақпаратты болдырмау үшін 2019 жылғы 14 наурызда Ақмола облысы ТЖ департаментінде азаматтық қорғау подполковнигі О.В.Малюктың төрағалығымен кезекші-диспетчерлік қызметтердің, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімімен, сондай-ақ ТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
16 Aqmola Vzaimod 2 О. В. Малюк қатысушыларға осындай іс-шараны өткізудің маңыздылығын, кезекші қызметтердің шынайы ақпарат беру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ ағымдағы жағдайды және Ақмола облысы аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындықты жеткізді.
Бұдан әрі сөз ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасының жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Е.Б.Ахметовке берілді.
Азаматтық қорғау полковнигі Е.Б.Ахметов өз сөзінде БКДҚБ ақпарат алмасу бойынша кезекші-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібі бойынша дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын аударды, ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұйрығы,сондай-ақ «БКДҚБ ақпарат алмасу жөніндегіТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерінің және ІІД, ҚАЖД, ЖПҚ, ЖІІБ, 5510 әскери бөлімінің кезекші-диспетчерлік қызметтерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулығының» негізгі талаптарын баяндады.
Іс-шара барысында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен туындауы туралы жедел ақпаратты уақтылы ұсыну, кезекшілермен байланысты ұйымдастыру бойынша мәселелерді шешу, сондай-ақ өзара іс-қимыл сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
 
Ақмола облысы ТЖД
БКДҚ басқармасы