15 Karaganda Den GO 1 2019 жылғы 15 наурызында Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт-техникалық орталығының мұражайында азаматтық қорғаныс басқармасымен Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерімен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
15 Karaganda Den GO 2 Ашық сабаққа №1 гимназия, №52, 88, 63 ОМ оқушылары және облыстың азаматтық қорғаныс ардагерлері қатысты. Тыңдаушыларға халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының пайда болу тарихы, ХАҚҰ қазіргі кезде, Қазақстан Республикасының ХАҚҰ-ға кіруі жеткізілді.
15 Karaganda Den GO 3 Сонымен қатар, сабақ қатысушыларына оқыту сипатындағы, №17 АӨСБ "ӨСжАҚЖҚ" ММ Ашық есік күні туралы және Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді.
Азаматтық қорғаныс ардагерлері оқушыларға қызмет кезіндегі қызықты оқиғалар мен оқиғаларды айтып берді, азаматтық қорғаныс бойынша сұрақтар қойылды. Соңында ардагерлермен тәлімдеме сөздер айтылды.
Салтанатты іс-шара өткеннен кейін Қарағанды облысының ТЖД Өрт-техникалық орталығы (мұражайы) көрсетілді.
Экскурсия барысында оқушыларға Қарағанды облысы ТЖД құрылу тарихы, құтқарушылар, техникалық құралдармен және жабдықтармен жарақтандыру туралы айтылды. Келушілер экскурсоводтың сөздеріне еніп, қызықтырған сұрақтар қойды.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері туралы ақпарат жеткізілді.
Жалпы, өткізілген іс-шаралар оқушылардың жағымды әсер қалдырды, алғыс сөздерінде және ТЖД қызметкерлерімен жаңа кездесулерге тілек білдіргендер.
 
Бахтияр М.А.
Қарағанды облысының ТЖД
АҚ басқармасының офицері
лейтенант