14 Aqtobe PTU 1 Адамдар көп жиналған жерде болатын кез келген өрт күтпеген жерден орын алуымен және ауыр салдарларымен қауіпті. Егер ол түнде болса, кем дегенде үш есе қауіпті. Мұндай кездейсоқ жағдайларға қалай дайын болу керек? Жауап біреу – жаттығу! Осындай оқу-жаттығу кеше өткізілді.
Жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылдың 14 наурызы күні, Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері Маресьев көшесі, 68 мекен-жайы бойынша орналасқан М.Оспанов атындағы «НАОЗКГМА» жатақханасында шартты өртті жою бойынша түнгі өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
14 Aqtobe PTU 2 Сценарий бойынша, сағат 22.00-де ӨБОП пультіне «жатақхананың екінші блогының үшінші қабатында орналасқан бөлменің жануы, блоктың барлық қабаттары бойынша қатты түтіндеу байқалады» деген дабыл түсті.
Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі міндеті - жатақхана тұрғындарын эвакуациялау және құтқару үшін жеке құрам мен құралдардың қажетті санын анықтау, өрт туындаған жағдайда өрт сөндірушілер мен объект қызметкерлерінің іс-әрекеттерін, эвакуациялау жолдары мен тәсілдерін пысықтау болды.
«№ 2 шақыру» дәрежесіне сәйкес оқу-жаттығу барысында шақырту орнына азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері, Өзара іс-қимыл нұсқаулығы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ, Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері келеді.
Өрт сөндіру басшысы күштер мен құралдардың жетуіне қарай жауынгерлік учаскелерді құрады және басқарма аппаратының лауазымды тұлғаларынан өрт сөндіру штабын ұйымдастырады.
Барлауды үздіксіз жүргізу - жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің негізгі кезеңі болып табылады: зардап шеккендер бар ма, олар қанша және ғимараттың қай жерінде? Және де құтқару және эвакуациялау іс-шараларын жүргізу.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің арқасында шартты өрттің одан әрі таралуының алдын алу, зардап шеккендерді дер кезінде тауып, эвакуациялау мүмкін болды. Одан кейін өрт оқшауланып, жойылды.
Оқу-жаттығуға әр түрлі бөлімшелердің 47 қызметкері мен 9 өрт сөндіру және басқа да қосалқы техникалар жұмылдырылды.
«Оқу-жаттығуды өткізу барысында жұмылдырылған бөлімшелер мен қызметтерге ескертулер болған жоқ, - деп түнгі өрт-техникалық оқу-жаттығудың нәтижесін Кезекші өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Тасмағамбетов қорытындылады», - Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілді.
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы