26 SKO Urok Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бүгінгі күні өзекті тақырыпта Солтүстік Қазақстан облысының оқу орындарының оқушылары үшін екі интерактивті сабақ жүргізді.
Құтқарушы-медбике Муршида Анваровна оқушыларды «Көктемгі кезеңде су қоймаларда жүру ережелері және қауіпсіздік шаралары» тақырыбымен таныстырды. СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үшін көктемгі кезең-қызу кезең. Су айдындарының күнделікті патрульдеуі, халықпен профилактикалық жұмыс, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында, оқу орындарындағы профилактикалық жұмыс – бұның бәрі құтқарушылардың күнделікті жұмысының бір бөлігі, олар шынайы ТЖ әрекетке әрқашан да даяр. Муршида Анваровна балаларға көктемгі және су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережесі жайлы айтылды. Ерекше көңіл суда зардап шеккендерге қалай дұрыс көмек көрсетуге керектігіне бөлінді. Тақырып жақсы қабылдану үшін видероликтер ұсынылды.
Әрі қарай бас құтқарушы-психолог Александра Юдаева «топта дүрбелең және басу болған кезде өзін қалай ұстау» тақырыбында сөз сөйледі.
Топ – құрылымсыз адамдардың жиналуы, жалпы мақсаты жоқ анық жағдайды білмейтін, бірақ эмоционалды жағдайлары және назарлары бірдей өзара байланысты адамдар. Жасақтың психологі оқушыларды топтардың түрімен, ондағы адамдардың мінезі, басқарушылығы туралы таныстырды, сондай-ақ дүрбелеңде өзін құтқару жөнінде кеңес берді.
Педагогтар да назардан тыс қалмады және сабақты қорытындылай келгенде оларға дүрбелең топ қалыптасқан кезде балалардың өмірін құтқаруға әрекет ететін ұсыныстар берілді.
 
Юдаева Александра,
«СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ
бас құтқарушы-психологі