24 Atyrau Zanyatiya 1 Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау Мұнай және газ университеті арасындағы меморандум және азаматтық қорғаныс айлығы аясында Департамент қызметкерлері Атырау Мұнай және газ университетінде сабақ өткізді.
Іс-шара жас ұрпақты қауіпсіз жүріс-тұрыстың практикалық дағдыларын, өзін-өзі құтқару және әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қоршаған ортаға көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент қызметкері төтенше жағдайлардан дұрыс шешімдер мен шығулар туралы айтып, газтұтқышты дұрыс пайдалану және ол не үшін арналғанын түсіндірді.
24 Atyrau Zanyatiya 2 Одан әрі, Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының бас құтқарушы-сүңгуір жақындап келе жатқан жүзу маусымы мен судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды, сүңгуірдің жабдықтарын, сондай-ақ құтқару құралдары-құтқару жилеті мен шеңберін көрсетті.
Қорытындылай келе, Апаттар медицинасы орталығының дәрігері манекенде өрт кезінде, суға батқан кезде және басқа да төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетту тәсілдерін көрсетті.
Сабақ барысында студенттер осы тақырып бойынша үлкен қызығушылық танытып, көптеген қызықты сұрақтар қойып, нақты және толық жауаптар алды.
Оқушылар мен педагогикалық ұжым қызықты және танымды іс-шара үшін алғыстарын білдірді. Соңында 200 дана жаднамалар таратылды.
 
Р.М.Баймуханов
Атырау облысының ТЖД
АҚБ аға офицерінің тәлімгері
ҚР ІІМ ТЖК КТИ 4 курс курсанты