27 ZRAOSO urok Өткен аптада Атырау облысының Индер ауданында Азаматтық қорғаныс айлығына орай ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға «БӨАЖҚЖ» ММ-ң Индер аудандық құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің және №5 ӨСБ қызметкерлері қатысты. Ашық есік күні аудандық №5 Өрт-сөндіру бөлімшесінің ғимаратында өткізілді, оған Индер ауданының 40-қа жуық оқушылары қатысты.
Индер аудандық құтқару бөлімшесінің құтқарушылары оқушыларды сүңгуірлік құрал-жабдықтарымен таныстырып, балаларға судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп айтты. Қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша Жайық өзені бойының жағалауында мұз мүлдем жоқ, тек ортасында ғана 9-10 см қалыңдықта мұз бар. Сол себепті балаларды жағада ойнамауға шақырып, сақ болып жүруді ескертті.
Ал ТЖБ және ӨСБ өрт қауіпсіздігін туралы нұсқама жүргізіп, сіріңкемен ойнау өте қауіпті екенін қатаң ескертті. Іс шара соңында құтқарушылар балаларды техникалармен, сондай-ақ, арнайы және негізгі өрт сөндіру жабдықтарымен таныстырды.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы»