24 Aqtobe Krug Stol 1 Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, БҚО және Ақтөбе облыстары кезекші өрт сөндіру қызметтерінің қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
14 наурызда Оқыту орталығының дәріс залында «Өрт сөндіру тактикасы мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қатысу үшін Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары М. Зұлқашев, КҚЖБО бастығы Е. Шыныбеков және КӨСҚ кезекшілері шақырылды. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме аталған облыстардың кезекші өрт сөндіру қызметтері арасында тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
24 Aqtobe Krug Stol 2 Дөңгелек үстелді өткізу барысында сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қаралып, ӨТЖ өткізу тақырыптары қозғалды. Қатысушылар белсенді түрде жедел жоспарлар мен карточкаларды жасау тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметі мен өрт-тактикалық жарақтарға қатысты мәселелер талқыланды.
Нәтижесінде әрбір қатысушы өзі үшін бір жаңа тәжірибе жинақтаса, барлығына да басқа аймақтардан келген әріптестерінің жұмысы туралы білу қызықты болды. Тыңдаушылардың әрқайсысы Ақтөбе өңірлік оқу орталығындағы курстар өрт сөндіру саласындағы жедел кезекшілердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, олардың ой-өрісін кеңейтуіне, оның ішінде сөндірудің жаңа әдістерін қолдануға ықпал ететініне көз жеткізді.
Жаңа білім мен тиісті сертификат алған курс тыңдаушылары Ақтөбеден тұрақты мекендеріне жолға шықты.
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Өңірлік оқыту орталығы