IMG 3590 Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Сарыарқа ауданының Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері Департаменттің ардагерлер кеңесінің өкілдерімен өртке қарсы қызмет қызметкері Валерий Зайцевты еске алды. 
«Бүгін біздің жолдасымыз, әріптесіміз Зайцев Валерий Михайловичтің қабіріне тағзым етіп, тазалап ретке келтірдік –дейді Сарыарқа ауданының Төтенше жағдай басқармасының бастығы Қуаныш Тоқсарин.    – Валерий Михайлович – астанадағы ең күрделі қиын өрттерге шығатын, оның есебінде бірнеше құтқарылған адам өмірілері. 
Өрттерде жауынгерлік өрт сөндіру киімімен отқа оранып, кіріп кететін полковниктерді жиі көресін».  
«2010 жылы қойма ретінде жасалған қорғану құрылысында өрт сөндірушілер екі күн бойы отпен арпалысты. Өрт толығымен сөндірілді, бірақ адам өмірін ала кетті.  От астаналық гарнизонның үш бірдей басшысын жалмап алды, оның бірі   Валерий Михайлович Зайцев болатын», - деп сөзін қосты Любовь Гумировна.
Жыл сайын азаматтық қорғау қызметкерлері азаматтық қорғау ардагерлерінің қабірін жинап, жөнге келтіріп, минуттық үнсіздікпен тағзым етеді.  

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД