IMG 8579 Жақында қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі Джуманов Абдулкапар Жақсылықұлы және «БӨАЖҚЖ» ММ басшысы Қибашев Ершат Исатайұлы «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Алтын көпір» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.
Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы қауіпсіздік, техникалық жабдықтау, кадрлық қалпына келтіру және т. б. өзекті мәселелер туралы сөз сөйледі.
Өртті сөндіру бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыру дағдылары практикалық оқу-жаттығулар мен өзара әрекет ету сабақтар аясында қалыптасып, жасалатындығы туралы Абдулкапар Жақсылықұлы айтып өтті.
2019 жылдың 1 тоқсанында 4 (2018 жылы – 7) өрт-тактикалық оқу – жаттығулар өткізілді және 132 (2018 жылы-200) шығу сабақтары жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың 26-27 ақпанында төтенше жағдайларды жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен құралдарды дайындау мақсатында "Көктем-2019"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Қазіргі уақытта гарнизонның теңгерімінде 447 өрт сөндіру жедел жоспарының және 617 жедел карточканың бар екенін атап өтті. Бүгінгі күні облыс аумағын өртке қарсы қорғауды 12 өрт сөндіру бөлімшелері жүзеге асырады, оның ішінде 8 типтік және 4 бейімделген ғимараттар бар екендігі туралы айтты.
Сонымен қатар, 2019 жылы Атырау облысы гарнизонының спортшылары үлкен спорттық жетістіктерге қол жеткізді. Гарнизонда: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы - 1, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1, спорт шебері – 4, спорт шеберіне үміткер - 3, 1-разряд – 6.
2019 жылғы 19-21 ақпан аралығында Нұр-сұлтан қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 19 ерлер, 12 әйелдер командасы және 13 жасөспірімдер командасы қатысты. Чемпионаттың қорытындысы бойынша біздің команда жалпыкомандалық есепте – ІІ орын алды.
Одан әрі сөз «БӨАЖҚЖ» ММ басшысы Ершат Исатайұлына берілді, ол өз кезегінде барлық көрермендерге су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді. Сондай-ақ, көктемгі су тасқыны кезінде өзен маңында тұратындарға аса қауіпті екенін айтты.
Сондықтан, құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Балаларды үлкендердің бақылауынсыз өзен жағалауына жібермеуді сұраймыз! Қазір, көктемгі демалыс кезінде, балаларыңыздың ойын орындарын бақылаңыздар!
Ата-аналар мен үлкендердің қарауынсыз қалып, қауіпсіздік шараларын білмей, баланың қызығушылықтары нашар болғандықтан, олар ашық жағада ойнайды, бұл өте қауіпті!
Балаларыңызға судағы жүріс-тұрыс қағидасы туралы және суда ойнауға тиым салу туралы түсінік беруді тапсырады. 
Әрбір ересек адамның борышы-балаларды суда болған жағдайлардан сақтау үшін барлық мүмкіндіктерді жасау! – деп атап өтті ол. Бағдарлама соңында жүргізуші біздің қызметкерлерімізге бағдарламаға қатысқандары үшін алғыс айтты.

Атырау облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы