glavkyzulorda Қызылорда қаласы «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі базасында облыстық білім басқармасы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы және ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастыруымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетінің облыстық кезеңі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық слеты өткізілді.
Шара балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, туристік дағдылар мен икемділікті, экологиялық мәдениетті, оқушыларды тарих, география, Қызылорда облысының табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқытып үйрету, білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық және азаматтық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. IMG 5193
Әр команданың құрамында 10 адам, алғы шарт - командада құтқарушы қыздың болуы. Қатысушылар төтенше жағдайлармен күресіп қана қоймай, сондай-ақ берілген координаттарды іздестіру дағдыларын көрсетті және алғашқы көмек көрсетті.Слеттің мақсаттары мен міндеттері - оқушыларды қауіпсіз өмірге дайындау, төтенше жағдайда әрекет етуге үйрену, өрт сөндіру жабдықтарын пайдалану дағдыларын үйрету, салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау. Слетке облыстың жалпы білім беру мектептерінің 11 командасы қатысты. Облыстық кезеңге мектепшілік және аудандық кезеңнен өткен 110 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер инистрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және Білім басқармасының құрамынан құралған қазылар алқасы келесі шешімді шығарды: I орынды – Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп интернаты командасына тапсырды, II орын – Сырдария ауданы командасы, ІІІ орынды Жалағаш ауданы және Қармақшы аудандарының командалары иеленді.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
 
ҚР ІІМ ТЖК
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы