glavuraoso Жазғы демалыстың алдында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша сабақ жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде құтқарушылар Қызылорда облысының оқушылары үшін «Су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері мен сақтық шаралары» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты – білім алушылардың жеке қауіпсіздігіне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне қатысты саналы және жауапты қарым-қатынас жасау, өмірі мен денсаулығына қолайсыз NQSN4224 өмір жағдайында өмір сүру дағдыларын меңгеру және зардап шеккендерге көмектесу дағдыларын үйрету.
Құтқарушылар оқушыларға суға жақын жерде қалай әрекет ету керектігін айтып, төтенше жағдайды көргенде не істеуге болатынын, өзін-өзі құтқарудың негізгі жолдарын еске салды.
Сүңгуірлік құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Әлжанов Б. және медицина-психологиялық бөлімінің медбике құтқарушысы Сатыбалдиева Ж. Қызылорда қаласының №198 мектеп оқушыларымен кездесті. Профилактикалық сабақтың тақырыбы Қызылорда облысының су айдындарындағы қауіпсіздік болды. Әлжанов Бағдат оқушыларға егер су жағасында демалуға шықсаңыз, өзін қалай ұстау керектігін айтты, викторина түрінде балалар құтқарушылардың сұрақтарына жауап берді, судағы қауіпсіздік ережелерін қайталады және осы тақырып бойынша фильмдер көрсетілді.
 
 
ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел-құтқару жасағы