Авариялық-құтқару жұмыстары Бобровка ауылындағы Центральная көшесіндегі үйлердің бірінде болды. Ірі қара мал ескі жертөлеге құлап кеткен. Малдың иелері құтқарушылардан көмек сұрады. Семей қаласындағы № 2 мамандандырылған жасақ жүк көтеру қабілеті 1,5 тонна Камаз базасындағы АСА-20 өтімділігі жоғары көлікті пайдаланды.
«Жертөле тереңдігі шамамен 2 метр. Алдымен мен жертөлеге түсіп жануардың аяғын байладым. Таң қалғаным жануар тырп етпей тұрды. Сосын ірі қараны машинаға іліп алып, көтеріп шықтық» - дейді 2-МӨСБ аға нұсқаушылы Серік Слямханов. Сыртқы белгілері бойынша жануар еш зақым алмады. Иелері құтқарушыларға алғыстарын жаудырды.
 
ШҚО ТЖД