glavvpamat Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінде қаза болған өрт сөндірушілерді еске алды.
Бірнеше жылдан бері,  сәуір айында, дәстүр бойынша «өрт майданынан» оралмаған өзіміздің батыр – жауынгерлерімізді еске аламыз.
Өрт сөндіру қызметі құрылғаннан бастап Қарағанды облысында өрт майданында қызметтік борыштарын орындау барысында, 11 азамат, 11 жалын майданының күзеті өздерін құрбан етті. Біз қаза болған жолдастарымызды  мәңгі ұмытпаймыз.
imgovvv2 Олар әр түрлі жаста, әр түрлі ұлт өкілдері болып, әр түрлі қызмет атқарса да, оларды біріктірген бірақ нәрсе – өрт алаңында бізге  адал жолдас, өмірде дос бола білді, өз қызметтік борыштарын абыройлы атқарды. glavvpamat
Салтанатты шара барысында қажырлы еңбегі мен қызметіне адалдығы үшін мақтауға лайықтылардың аттары аталды:  Анатолий Трофимович Мищенко,  Валерий Николаевич Пешков, Игорь Петрович Белов, Кайрат Сартайевич Тлеугабулов, Василий Петрович Захарюта, Абильдинов Руслан Каримович, Дмитрий Александрович Гревцов, Артем Михайлович Новиков, Тұяқ Социалович Упбаев, Роман Олегович Балабашин, Абдрахманов Суиндык Нургалиевич.
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлері мен қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары батырларымыздың рухтарына арнап ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер монументіне гүл шоқтарын қойып, жас ағаштарды отырғызды.
imgovvv3 Жыл сайын көптеген ірі өрттер болады, өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер өз өмірлерін құрбан ете азаматтардың өмірі мен дүниесін құтқаруда  қызметтік міндеттерін атқарады.
Барлық уақытта, өрт сөндіруші әрқашан мамандығына адалдығымен, жанкешті ерлігімен, өзін құрбан етуге дайындығымен, өзара көмек және ынтымақтастығымен ерекшеленеді.
"Ер есімі – ел есінде”,- дегендей, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған өрт сөндірушілеріміздің  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Шараның салтанатты бөлігінен кейін, Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бөлімшелері арасында шағын-футболдан жарыс өтті.
Шағын футбол жарысына облыс бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінен 28 команда қатысты.
Тартысты да, қызықты бәсекеде барлық қатысушы командалар жүлделі орынға талпынып, ойынды қызықтыра түсті. Жеңіс бар жерде жеңіліс те бар демекші, ойынды қорытындылай келгенде бірінші орынды өз қанжығаларына  МӨБ - 17  командасы байлады, екінші орынға  ӨСБ -1 шықса, үшінші орынды «ӨСжАҚЖҚ» ММ аппарат басқармасы  иеленді. Жеңімпаздарды кубокпен және грамоталармен марапаттады.
 
Қарағанды облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі