ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушы жедел тобы, ЖКО түскен адамдарды құтқару операциясын өткізді.
Алматы қаласы Тау-Самалы шағынауданындағы, Қонаев көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат, 12 сәуір күні кешке келіп түсті. Сондай-ақ, машинада өздігінен босатыла алмайтын қысылған адамдар бар делінді.
22.41-де құрамында 7 адам бар РЖҚЖ жедел тобы апат орнына шықты.  Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде екі адам құтқарылды. Алдыңғы орындықта 14 жастағы қыз болған. Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, «жедел жәрдем» дәрігерлеріне тапсырылды.
 
ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспасөз қызметі