glavwumkent Техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері Азаматтық қорғаныс бойынша объектілік жаттығуға қатысты.
Оқу-жаттығу «Авариялар, катастрофалар мен апаттар қауіпі кезінде оқу орынының басқарушы құрамы мен күштерінің әрекеті» тақырыбында өткізілді.
Төтенше жағдай кезінде жұмысты ұйымдастыру үшін дағдылар мен практикалық тәжірибелер алу мақсатында Техникалық колледждің оқытушылары мен студенттері объектілік оқу-жаттығудың барлық кезеңдерінен өтті. Колледждің азаматтық қорғаныс объектілік құрылымдары колледж аумағында техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда  іс-қимылдарды кезек-кезегімен орындады. Студенттерді және материалдық құндылықтарды эвакуциялау, жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, үйінділер астынан адамдарды іздеу бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығуды өткізу барысында басқарушы құрам  мен құрылымдардың командирлері кіріспелерді орындап,  азаматтық қорғаныс іс-шаралары бойынша практикалық дағдыларға ие болды.
Жиналыстың нәтижесінде оқу-жаттығудың басшысы - колледж директоры оқу-жаттығуға қойылған мақсаттарға жетіп, оқу-жаттығудың сұрақтары толық көлемде орындалғандығын және азаматтық қорғаныс құрылымдары мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайын екендігін атап өтті.

Н.Каракозев
Шымкент қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің
аға офицері, аға лейтенант