АҚМЖ қалалық кіші жүйесі объектілік тобының басқару органдары мен күштерін дайындау бойынша негізгі іс-шаралар жоспарының негізінде «Шымкент сүт» мекемесінде «Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ орын алғанда АҚ іс-шараларын орындау» тақырыбы бойынша кешенді жаттығу өтті. 
Оны өткізудің бірнеше мақсаттары болды.  Басшы құрам үшін – бұл бірлескен іс-шараларды жасау, азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын келісу, химиялық қауіпті объектіде авариялардың салдарын жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және орындау кезінде практикалық дағдыларды, білімді жетілдіру. Басшы жағдайды жеткізіп, оқу-жаттығуға қатысушыларға нақты тапсырмалар қойды. 
Оқу-жаттығудың басшысынан нұсқаулық алып, басшы құрам «Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жоспарының» нақтылығы мен шынайылығы бойынша мәселені пысықтады. Осы мәселені пысықтау кезінде авариялар, апаттар мен дүлей зілзалалар кезінде болуы мүмкін ахуалды бағалау жүргізілді. 
Кешенді оқу-жаттығуды өткізу барысында мекеменің басқару аппаратының басшы құрамы түрлі жағдайларда басшылық жасау бойынша ұйымдастырушылық әдістерін жетілдірді, АҚ құрылымдары(санитарлық топ, жеке қорғану құралдарын тарату пункті, байланыс тобы, ерікті өрт сөндіру дружиналары, РХБ тобы) іс жүзінде төтенше жағдайлар ахуалында кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша іс-әрекеттерін пысықтады, экстремалды жағдайда сауатты іс-қимыл жасауды үйренді. 
Азаматтық қорғау құрылымдары өз мақсаттары бойынша іс әрекет жасады. Жаттығу барысында алған білімдері мен дағдылары қажет болғанда нақты төтенше жағдайларда басшы құрамға, АҚ құрылымдардың командирлері мен жеке құрамына  басқару аппаратының қызметкерлерін қорғау бойынша жұмысты сенімді ұйымдастыруға, сауатты іс-қимыл жасап, мүмкін, өзіннің және қызметкерлердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. 

Шымкент қ. ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы