36 Kar da Semya 1 Отбасы – әлеуметтік институт. Мемлекеттің құрамдас бөлігі. Отбасынан тәрбие, білім алып, қоғамға бейімделеміз. Өзім туып өскен отбасыма, ата-анама үлкен алғыс. Бұл мақала да сол отбасы күніне арналған.
Мен өзімнің жеке отбасымды азаматтық қорғау органына қызметке орналасқан соң құрдым.
36 Kar da Semya 2 2011 жылдың маусым айынан бастап Жезқазған қаласындағы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі №2 жасағының инспектор-психолог лауазымында қызмет етемін. 2012 жылы болашақ жарым, жолдасым – Сыздыков Шымболатпен таныстым. Ол да №2 жасақтың №42 МӨСБ жүргізуші лауазымында қызмет атқарады. 2013 жылы отау құрдық. Бүгінгі күні бір қыз, бір ұлымыз бар.
Отбасы – адамның басты байлығы, себебі ол жерде ең жақын адамдар бар. Ал қызмет ететін ортамыз, ұжымымыз шартты түрде екінші отбасы. Аптаның бес күні сол қызметте өтеді. Әріптестерім өте құрметті, әрқайсысы өзінше ерекше жандар. Олардың да отбасының аман, шаңырақтарының биік, босағаларының биік болғанын тілеймін.
 
№2 жасақ КЖТ инспектор-психологі
азаматтық қорғау капитаны Мусина Мөлдір