30 Kostanai Psihologi 1 Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау саласында психологиялық қызмет кадр аппаратының құрамына кіреді және жеке құраммен жұмыстан өзге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында зардап шеккендерге, соның ішінде авариялық –құтқару қызметі жұмыскерлеріне жедел психологиялық көмек көрсетеді.
30 Kostanai Psihologi 2 Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшылары психолого-полиграфологиялық қызметтің сақтауына және кәсіби нығайуына көп көңіл бөледі. Жыл сайын психологтар кәсіби міндеттерді тиімді орындауға, ұжымда моральды-психологиялық жағдайды қолайлы жасау үшін біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі. Психологтың кабинеті және психологиялық жеңілдету бөлмесі жабдықталған, полиграфологиялық жабдық алынды.
30 Kostanai Psihologi 3 Психологтар құқық қорғау органдарының, әскери бөлімі, білім және денсаулық сақтау әріптестерімен бірлесіп жұмыс жасайды және тәжірибемен алмасады.Азаматтық қорғау органдарының психологтарының жұмысына Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері де қызығушылық танытты. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Психология және педагогика» кафедраның доценты Л.Е. Урдабаеваның басшылығымен «Психология» факультетінің 1 курс студенттері Қостанай облысы ТЖД және «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологтың практикалық қызметімен танысып, полиграфтың жұмысын қолданыста өз көздерімен көрді. «Болашақ психологтарға» халыққа жедел психологиялық көмек көрсету тәжірибесі оның ішінде айрықша психологиялық диагностика және тузету жұмысты өткізу туралы айтты.
Студент Манатова Жагира атап өткендей:
«Азаматтық қорғау органдары психологтарының жұмысы қанықты, алуан түрлі, қызықты. Олар құтқарушылардай төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмекке келеді. Мен өндірістік тәжірибені, одан әрі еңбек қызметті ТЖ қызметінде өткім келеді».
 
Қостанай облысының ТЖД кадрлық жұмыс
бөлімінің аға инспектор-психологы
азаматтық қорғау капитаны
Шолпан Кабжанова