19 Pr Efir ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Сағынбекұлы «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Бағдарламаның редактор-баяндамашылары Әзиз Сейдәлі және Сұлушаш Мадиярованың сұрақтарына жауап берген ол Қызылорда құтқарушыларының күнделікті жұмысы туралы, әр минуттық дайындығы және апаттарды бейнелеп қана қоймай, оны болдырмау шараларын айтып өтті. Атап айтқанда, суға шомылу маусымына жасақ құтқарушыларының дайындығы жөнінде және қайғылы оқиғалар туралы статистикалық деректерді келтіріп, олардың себебін және судағы қауіпсіздік ережелерін айтып өтті.
2019 жылдың басынан осы күнге дейін Қызылорда облысының су айдындарында 10 адам суда қаза тапты, оның ішінде 4 бала. Қайғылы оқиғалардың себебі – суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерге шомылу және балалардың су айдындарында ата-аналардың қараусыз қалдыруы және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Суға түсу маусымына жасақ құтқарушылары мектеп оқушылары мен халық арасында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын әрдайым жүргізіп келетінін айта кетті.
Бағдарлама барысында Бақыт Сағынбекұлы облыс тұрғындары мен қонақтарын суға түсу маусымында қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды су айдындарында үлкендердің бақылаусыз қалдырмауды сұрады.
Өз сұхбатының соныңда көрермендердің тікелей эфирде қойған сұрақтарына жауап берді.
 
ҚР ІІМ ТЖК
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы»