16 Astana kup Sezon 2019 жылғы 6 маусымда Шортанды ауданы «Дамс жағажайы» демалыс аймағында Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері қатысуымен қоғамдық құтқару бекетінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараны Шортанды ауданының ТЖБ бастығы С.Қ. Сұлтанғалиев ашты. Өзінің кіріспе сөзінде ол облыстың су айдындарындағы халықтың қауіпсіздігі мәселесі жылдан-жылға өткір болып қалатынын және қоғамдық құтқару бөлімшелерін құру өңірдің су айдындарында адамдардың өлімін болдырмау проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен қатар, қоғамдық құтқару бөлімшелерін құру және бірлескен алдын алу іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс оң нәтиже беріп, барлық шомылу маусымында сақталатындығын хабарлады.
Қорытындылай келе, С.Қ. Сұлтанғалиев құтқарушылармен бірге жүйелі профилактикалық шаралар, жазғы жүзу маусымы кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және суда зардап шеккен адамдардың санын барынша азайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
 
Е.Е. Ақышев
Шортанды ауданының ТЖБ аға инженері