37 VKO Kezdesu 1 ШӨАЖҚЖ және Өскемен қ. ТЖБ құтқарушылары №44 О.Бөкей атындағы мектеп жанында жұмыс істеп тұрған лагердегі балалармен жазғы демалыс уақытын қауіпсіз өткізу туралы, сондай-ақ табиғатта және су айдыны маңында оларды қолайсыз тосын сыйлар күту мүмкіндігі жөнінде әңгімелер өткізді. Балалармен бірге құтқарушылар тұрмыстағы, судағы, ормандағы негізгі қауіпсіздік шараларына мысалдар арқылы талдау жасады.
37 VKO Kezdesu 2 Балалардың қауіпсіздіктің бастапқы түсініктерін тез игеруі үшін төтенше жағдай ведомствосының қызметкерлері слайдтар мен оқу фильмдерін көрсетті.
Жаз – бұл балалар қауіпсіздігі үлкендер тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін мерзім, өйткені кішкентай азаматтар бұл кезде жиі өз бетімен және өздерімен өздері еркін жүреді, сондықтан оларды алдын ала қауіпсіздік шараларын ұстанып жүруге тәрбиелеп дайындау қажет.
37 VKO Kezdesu 3 Өскемендегі балалар лагерлерінде су айдындардағы қауіпсіздік сабақтарынан басқа өрт кезіндегі іс-қимылдар бойынша жаттығулар: балаларды корпустан қауіпсіз аумаққа эвакуациялау, әңгімелер, жарыстар мен викториналар өткізіледі.
«Балалар түрлі өмірлік жағдайларға дайын болуы тиіс. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер жүйесі кішкентай кезден бастап үйретіліп, тәрбиеленуі маңызды» деп санайды ТЖ қызметкерлері.
Құтқарушылар сабақтары мектеп жанындағы лагерлер қызметін тоқтатқанға дейін жалғастырылады.
 
Өскемен қаласы ТЖБ