29 Atyrau Podgotovka 1 Жыл сайын біздің елімізде ел бойынша өртке қарсы спорт түрлерінде түрлі жарыстар өткізіледі. Биылғы жазғы чемпионат Атырау облысында өтеді, чемпионат 29-шы шілде мен 4-ші тамыз аралығында болады.
Айта кетейік, 2019 жылы Атырау облысының гарнизонында қолданбалы спортшылар үшін ең табысты болып табылады, өйткені біздің облыстың спортшылары ағымдағы жылдың ақпан айында өткен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшелері Мағау Нұралы мен Буторин Николай жоғары нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, 2019 жылғы 16-17 мамырда біздің спортшылар өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Байқоңыр қаласының XI ашық чемпионатына қатысты. Осы жарыстарға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының, Шымкенттің және Байқоңыр қаласының күшті командасы жиналды. Қиын күресте, Атырау құтқарушылары еңбекқорлық пен жеңіске деген ұмтылыстың арқасында I орынды иеленді.
 
Атырау облысы «ӨС және АҚЖҚ»ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы