33 Atyrau reiD 1 Ағымдағы жылдың 11 маусымында Атырау облысының ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органның өкілдері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп табиғи саяжай учаскілерімен бау-бақша серіктестіктерінде рейдтер жүргізілді. Сондай-ақ рейдтік шараға облыстық «Қазақстан- Атырау» телеарнасының өкілдері қатысты.
33 Atyrau reiD 2 Саяжайдағы көптеген өрттердің себептері: темекі шегуде сақтық шараларын сақтамау, қатты отынмен жанатын пештерді, электрсымдарын пайдалану және құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Профилактикалық шара кезінде 35 баубақша үйлері араланып, 75-тен астам өрт қауіпсіздігі тақырыбында жадынамалар таратылды.
33 Atyrau reiD 3 Қызметкерлер бау-бақша иелеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы айтып, оларды орындауға шақырды. Ашық от жаққан кезде қауіпсіздік шараларын ұмытпауға кеңес берді. Еш уақытта ашық отты қараусыз қалдыруға және оттың толық сөнгеніне көз жеткізбей демалу орынан кетпеулерін ескертті. Құрғақ шөптің тұтануы нәтижесінде туындаған от, қас қағымда ағашқа, тұрғын үйге, ауладағы құрылыстарға ауып, біршама шығын келтіреді.
Көптеген бау-бақша иелері профилактикалық рейдтік шараға түсіністікпен және құптаумен қарап, қызметкерлерді мұқият тыңдап, өрт қауіпсіздігі сұрақтары бойынша кеңес алды, ашық от жақпаймыз және ережені сақтаймыз деп сендірді.
 
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау капитаны
А. Картимова