29 IUKO Triatlon 1 Шымкент қаласында жас спортшылар Бадам су қоймасында Триатлоннан өтетін Шымкент қаласының біріншілігіне қатысты. Жас спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі кезекшілікте болып, судағы спортшылардың іс-әрекеттерін бақылап отырды.
«Жастың аты жас» демекші, Бадам су қоймасында су спорты бойынша спортшылармен де түрлі жағдайлар орын алып отырды. Осындай кезде құтқарушылардың қырағылығы мен жылдамдығы 3 жас спортшының өмірін аман алып қалуға мүмкіндік берді. Суда өздерін балықтай сезетін спортшылармен ешқандай оқиға да болуы мүмкін емес. Алайда...
29 IUKO Triatlon 2 Триатлоннан қала біріншілігінде 7 маусымда құтқару операциясы сағат 10-нан аса орын алды. Бадам су қоймасынан 100 м қашықтықта 2003 жылғы жас спортшының аяғы тартылып, суға бата бастады. Қайықтағы құтқару тобы қырағылық танытып, уақытылы жасөспірімге көмекке келді. Шамамен 1 сағат өткеннен кейін 2008 жылғы қыз баласы қауіпсіздік техникасын сақтамай, спортшылармен соқтығысып, суға батып кетті. Құтқарушылар бұл ретте де өз көмектерін дер кезінде көрсете білді.
Көп ұзамай 2007 жылғы жасөспірім судағы қауіпсіз ережелерін сақтамады, нақытырақ айтсақ, өз күш мөлшерін бағалай алмай, шаршап, суға батып бара жатқан кезде құтқарушылар судан шығарып алды. Осылайша, қаншалықты өз кәсібінің майталманы болсан да, судағы қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік техникасын үнемі сақтаған жөн болар.
 
Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы