35 Astana Dzhakupbekov 14 маусымда ТЖ органының ардагері Сәкен Рахимбергенұлы Жақыпбеков 70 жасқа толды. Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті және Ардагерлер кеңесі ардагерді 70 жасқа толумен құттықтады, мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілей отырып, құрмет грамотасы мен «Өрт сөндіру күзетіне 100 жыл» медалін табыс етті.
Қызмет еткен жылдары Сәкен Рахимбергенұлы Жақыпбеков әріптестер арасында абыройға ие болып, болашақ ұрпаққа үлгі бола алды. Өз қызметтік жолын 1971 жылы Целиноград АІІД кезекшілік бөлімінің кезекші лауазымнан бастады, ал 1984 жылы өртті алдын алу инспекторы болды.
1993 жылы шілде айында шекті жасына жетуіне байланысты Ақмола облысы МӨСҚ ММ 84 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті қадағалау аға инспекторы лауазымында отставкаға шықты.
Қазіргі уақытта С.Р.Жақыпбеков өз күші мен уақытын жастарда отан сүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу үшін жұмсайды.
 
Нұр-Сұлтан қ. ТЖД