36 AtyraU Жақында «ӨС және АҚЖҚ» ММ Атырау облысы ТЖД - ның мамандары «Қазақстан – Атырау» телеканалының «Бізбен бірге» бағдарламасына шақырылды.
Бағдарламадағы маңызды тақырып ағымдағы жылдың 16 маусымында болған «Райхан қонақ үйіндегі өрт» туралы. Сондықтан бағдарламадағы басты қонақтар Атырау қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің №1 қарауылы – қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрхан Серіков, бөлім командирі азаматтық қорғау аға сержанты Данияр Султанов, өрт сөндірушілер кіші сержант Слауат Утешов және Ақжол Амангельды, сонымен бірге жүргізуші азаматтық қорғау сержанты Ерболат Гарипов болды.
Сонымен қатар бағдарламаға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Азамат Жұмекешев және өрт сөндіру бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Айбек Құспанғалиев қатысты.
Алдымен сұрақтар қарауылға қойылды, мұнда олар "Райхан"қонақ үйінде болған өрт туралы айтты. Өрт орнына келген соң, өрт ошағы кір жуатын орын мен сауна жуылып, цокольдік қабатта орналасқандығы анықталды. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін қонақ үйде тұрған адамдар эвакуацияланған, бірақ ғимаратта үш бала қалып қойған.
Жедел штаб құрылып, ГТҚҚ екі буыны бірінші қабаттан төртінші қабатқа барлауға жіберілді, осы уақытта екі буынды сауна мен кір жуатын орын орналасқан цокольдық қабаттағы өрт ошағын сөндірумен айналысты.
Өрт сөндірушілердің ұқыптылығы мен жеделдігі арқасында 3 бала құтқарылды, сонымен қатар 31 адам эвакуацияланды, оның 29-ы Орал қаласынан жарысқа келген балалар болды.
Бұдан әрі жетекші сұрақтар қойылып, "Сіз өз жұмысыңызды ұнатасыз ба? Қызметте қанша жыл жасайсыз? Ірі өрттер жиі бола ма?", сондай-ақ біздің кейіпкерлердің жеке өмірі туралы аздаған сұрақтар қойылды.
Одан әрі өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы сұрақтар қойылды, мұнда өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрттің басты себептері азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы, ТЖД тарапынан өрттің алдын алу бойынша іс-шаралары күн сайын жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бағдарлама соңында жүргізушілер барлық қонақтарға қызықты және жемісті әңгіме үшін алғыс білдірді.
 
Атырау облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы