32 Mang reiD 1 20 маусым 2019 жылы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлері Актау қаласындағы 33 шағын ауданында ойын алаңдарында үйлердін терезелерінен балалардың құлауын алдын алу және болдырмау мақсатында, балаларымен бірге жүрген ата-аналармен профилактикалық шара өткізді.
Шара барысында Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі мен Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлері соңғы уақытта балалардың биік қабатты үйлердің терезелерінен құлауы көбейіп кеткендігін, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі және қарапайым ереже талаптарын сақтаса қайғылы жағдайларды алдын алуға, адам өмірі мен денсаулығы сақтауға болатындығын айтты.
Шараны өткізу кезінде биіктіктен құлау салдарынан болатын қайғылы жағдайларды алдын алу шаралары туралы барлық ата-аналарға жадынама таратылды.
32 Mang reiD 2 Ең бастысы балаңызды бір минутқа да жалғыз қалдырмаңыз, өйткені қандай да бір ескерту ата-ананың назары мен қырағылығын алмастырмайды!
Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды азайту мақсатында Маңғыстау облысы ТЖД, Актау қаласының ТЖБ кызметкерлерімен келесі кеңестерді ұсынады:
1. Балаларды жалғыз қалдырмауға, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;
2. Терезеге жиһаздарды жақын қоймау керек. Себебі балалар оларға мініп терезеге шығып кетуі мүмкін.
3. Ешқашан масаға арналған торларға сенуге болмайды! Олар балаларды құлаудан сақтамайды! Керісінше масаға арналған торға балалар сүйеніп, оның салмағынан тор жыртылып соның салдарынан балалар құлап кетуі мүмкін. Көбінесе балалар сол торлармен бірге құлап жатады.
4. Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.
5. Егер терезеден балаға кейбір нәрселер көрсеткіңіз келсе, баланы мықтап ұстап тұруыңыз керек. Себебі олар тез қимылдауы мүмкін, қашанда қолдарыңыз құрғақ күйде болуы тиіс және балаларды киімнен ұстамаңыз.
6. Егер дәл қазір бекітетін және қорғайтын құрылғы қондыратын мүмкіндік болмаған жағдайда терезенің тұтқасын алып тастау керек.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Азаматық қорғаныс бөлімі
Маңғыстау облысы ТЖД
Актау қаласының ТЖБ