Суға шомылу маусымының ресми ашылуы өткен демалыс күндері өтті. Іс-шара Баянауыл демалыс аймағында өтті. Баянауылдағы Жасыбай және Сабындыкөл көлдері тұрғындардың сүйікті демалыс орындары болып табылады. Көлдердің көркем жағалауларында 27 демалыс орны орналасқан, онда жазғы маусымда Қазақстан Республикасының барлық жерінен ондаған мың азамат демалады. Жиі болып тұратын қонақтар - көрші Ресей Федерациясынан туристер.
Ресми ашылуда өңір басшысы Б. Бақауов және басқа да ресми тұлғалар болып қайтты. Облыс әкімі Торайығыр ауылы арқылы Жасыбай көліне және туристердің ұнатып алған «Қоңыр әулие» жерлеріне баратын автомобиль жолдарының жағдайын бағалады.
Демалыс аймақтарынан басқа, Жасыбай және Сабындыкөл көлінің жағасында үш қала сыртындағы демалыс орталығы орналасқан, онда маусым ішінде 6 мыңнан астам бала демалатын болады, оның ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардың оқушылары бар.
Суда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Халықтың жаппай демалатын орындарында барлық қажетті жабдықтары (құтқару шеңберлері, кеудешелері) және жүзу құралдары бар құтқарушылардың тұтас десанты орналасқан. Құтқарушылардың қарамағында жылдам жүретін катерлер мен қайықтар бар.
Жасыбай көліндегі құтқару бекеті ерікті-волонтерлер есебінен күшейтілген. Жазғы кезеңде құтқарушылардан басқа, су айдындарында қосымша 10 адам кезекшілік етеді.
Жаз-су құтқарушылары үшін жылдың ең қауырт кезеңі. Күнделікті кезекші ауысым С-2 міндеттерінің шеңберінде нормативтерді пысықтаудан (құтқару дабылы бойынша шығу) жұмыс күнін бастайды.
Павлодар қаласындағы орталық жағажайда құтқарушылар жағажайдың барлық периметрі бойынша буйлерді қойды, бұл шамамен екі километр. Шұңқырлар, су бұрғыштар, тереңдіктің күрт ауытқулары бар қауіпті жерлерде ескерту және тыйым салу белгілері қойылған.
Облыс аумағында іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жедел шараларды қабылдау үшін облыс су айдындарында төтенше жағдай туындаған кезде аумақтық күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл жоспары келісілді.
Мереке және демалыс күндері құтқарушылармен бірге рейдтерде азаматтардың рұқсат етілмеген демалатын орындарында Павлодар қаласы ТЖ басқармасының, полицияның қызметкерлері қатысады.
 
Павлодар облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы