15 PVLDr reiD 1 Ауа температурасының жоғарылауына байланысты демалушылар саны артады. Күн сайын, әсіресе сенбі және жексенбі күндері қалалық жағажайларда Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, құтқару жасағымен және гарнизонның өрт сөндірушілерімен бірлесіп рейдтер жүргізеді.
Рейдке қатысушылардың баыты Ертіс өзені ағысының жағажайы, Усолка және одан әрі өзеннің барлық ұзындығы бойынша, қала шегі шегінде басталады.
Егер шомылуға арналған рұқсат етілген орындарда демалушылар судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтаса, тыйым салынған орындарда және жағалаудың көптеген жасырын орындарында міндетті түрде демалуда қанды қыздыратын ішімдіктерді қабылдайды. Рейд барысында демалушылармен судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндіру әңгіме жүргізіледі, адамдарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Полиция қызметкерлері өз кезегінде ата-аналарға өздерінің балаларына толық жауапты екенін еске салды.
Бірлескен рейд нәтижесінде :
- 2019 жылғы 7 шілдеде 1468 адам қамтылды,оның ішінде 516 бала.
- 2019 жылдың 8 шілдесінде 1216 адам қамтылды, оның ішінде 469 бала, 697 ақпараттық бүктемелер мен судағы тәртіп ережелері бар жадынамалар таратылды.
Жаз мезгілінде судағы адамдардың қаза болуының және оқиғалардың негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу және балаларды үлкендердің қарауысыз қалдыру болып табылады.
Барлық осы факторларға сүйене отырып, өз өміріңізді тәуекел етпеңіз, ол сізде жалғыз және оны сынауға ұшырамаңыз.
Есіңізде болсын! Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау-адамдардың қауіпсіздігінің кепілі!
 
Павлодар қаласы ТЖ басқармасы
азаматтық қорғаныс тобы