14 Atyrau Efir Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Атырау қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры С. Оспанов және Басқарма инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Габитов «Қазақстан-Атырау» облыстық телерадиосының «Маман кеңесі» бағдарламасына қатысып, халыққа қауіпсіздік ережелерін жеткізді.
Бағдарламаның басты тақырыбы – қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі өрт және су қауіпсіздігі. Өз сөзінде С. Оспанов радио тыңдаушыларға өрттердің жедел жағдайы, олардың салдары мен себептері туралы айтып, сондай-ақ адамдар қаза болған өрттердің мысалдарын келтірді. Сонымен қатар, ол біздің өңіріміздің тұрғындарына тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, балалардың отпен ойнауының алдын алу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, сіріңкелерді, оттықтарды және басқа да ашық от көздерін мұқият сақтау керектігін айта кетті. Радиотыңдаушылардың назарына балалардың отпен ойнауының салдарынан тілісіз жаудың әп-сәтте орын алатынын ескертті. Осындай өрттер жиі кездесетін құбылыс және барлық кішкентай балалар сіріңкеге аса қызығушылық танытады, оларды табиғаттың осы ғажайыптарына тартып тұрады. Өкінішке орай, балалар оттың ықтимал қауіп-қатерін толық сезінбейді.
Радиоэфирде сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері қозғалды, себебі 2019 жылдың басынан бері судағы оқыс жағдайлар жиілеп отыр. ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Габитов қайғылы оқиғаның себептері, көбінесе тыйым салынған жерлерде шомылу, алкогольдік ішімдік пайдаланған күйінде суға түсу және балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуынан болатынын жеткізді. Ата-аналар балалармен қауіпсіздік ережелері туралы міндетті түрде сөйлесуі тиіс. Біз, Атырау қаласы ТЖБ қызметкерлері мектептерде және балалар лагерлерінде профилактикаллық дәрістер мен әңгімелер, сабақтар өткіземіз, бірақ міндетті түрде ата-аналар да бұл жұмысқа араласуы тиіс. Осы әңгімеде, тыйым салусыз, бірақ өз балаларына үлкендерсіз шомылуға болмайтынын, суға шомылуға тыйым салынбаған, рұқсат берілген жағажайларда шомылу керектігін балаларыңызға жеткізіп отыруларыңыз қажет.
Суға шомылуға болады және қажет, бұл пайдалы, бірақ суға шомылу қауіпсіз болуы керек! Өз өмірлеріңізді сақтаңыздар! Балаларыңызды қорғаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.
Есіңізде болсын: Балалардың өмірі мен денсаулығы-сіздің қолыңызда!
 
А. Маратова
Атырау қаласының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты