10 Qostanai Sport 1 Адамға өрт қаупі төнгенде, орман өрттері шыққанда, мұнай мен газ құбырларындағы ошақтар жану барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар алғашқылардың бірі болып, өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да,жанып жатқан ғимараттардан зардап шеккендерді эвакуациялап, көмекке келеді.
Өрт сөндіру спорты-өрт сөндіру қызметкерлерінің жауынгерлік даярлығының құрамдас бөлігі. Ол өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіруге, олардың төтенше жағдайларда әрекет ете білуіне бағытталған және жалпы қызметкерлердің физикалық дамуына ықпал етеді. Барлық осы қасиеттерге өрт сөндіруші спортшылар да ие.
10 Qostanai Sport 2 Құтқару ісінде - дене дайындығы, психологиялық тұрақтылық,өз ісінің шеберлері қажет. Өрт сөндіру спорты-күшті, батыл және епті адамдардың ісі. Бұл спортшыларға жеңіл атлет жылдамдығы, гимнастшының икемділігі және штангистің күші болуы тиіс. Өрт және басқа да төтенше жағдайларда есеп секундқа келе жатқанда, өрт сөндірушілердің шебер және жылдам іс-қимылдарына адамдардың өмірі мен өртті сөндірудің табысы немесе төтенше жағдайды жою тәуелді болады.
10 Qostanai Sport 3 Қостанай облысында жыл сайынғы өрт сөндіру спорты бойынша жарыстар аяқталды. Аталған жарыстар өрт сөндіру спортын дамыту және көпшілікке тарату, сондай-ақ 2019 жылғы 29 шілде мен 4 тамыз аралығында Атырау облысы Атырау қаласында өтетін ҚР ІІМ ТЖК ШҚ жазғы чемпионатына Өрт сөндіру спорты бойынша Қостанай облысының құрама командасын қалыптастыру үшін мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.Жеңіс үшін «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ 19 бөлімшесі күресті.
Қатысушыларға шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне көтерілу керек болды. Мұнда олар жылдамдық, төзімділік, ептілік пен мінезді көрсетті. Екінші кезеңде олар кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өтті.
Спорттық жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды Қостанай қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, екінші орынды Жітікара қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орынды Арқалық қаласының №2 мамандандырылған жасағының командасы иеленді. Жеңімпаздар мен үздік қатысушылар грамоталармен, медальдармен және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Қостанай облысының ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ