38 Atyrau Voda 2019 жылдың 10 шілдесіне Атырау облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Атырау" телеарнасының «Бізбен бірге" бағдарламасынан тікелей эфирде сұхбат берді. Тікелей эфирде Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Жұмалиев Әділхан Сейханұлы су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары мен суға батушыларды құтқару тәсілдері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, Атырау қаласы бойынша ресми жағажайлар әлі ашылмағанын атап өтті.
«Ауа райының өте ыстық болуына байланысты, қала тұрғындары «жабайы жағажайларда», қауіпті учаскелерде шомылуда, жасөспірімдер пирстерден секіруін тоқтатпай жүр.
2018 жылдың суға шомылу кезеңінде облыс бойынша 18 адам (11 ер адам, 7 бала) суға кетті, 2 ер адам құтқарылды.
2019 жылы суға шомылу кезеңінде 5 адам суға кетті (2 ер адам, 3 бала).
Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғаның себептері: балаларды қараусыз қалдыру, тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу.
Судағы қауіпсіздік ережелерімен ақпараттандыру үшін:
• тұрғындармен 236 (қала бойынша-101, аудандар бойынша-145) әңгімелесулер өткізілді.
• сәуір айынан бастап «Судағы қауіпсіздік ережелері» туралы 278 сабақ (қала бойынша – 150, аудандар бойынша – 128) өткізілді», - деп түсіндірді басшы орынбасары.
Сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Бралиев өз кезегінде:
"Күн сайын сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен Атырау қаласының қауіпті учаскелері бойынша рейдтер жүргізеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге рейдтер жүргізілуде. Суға түсу маусымына дайындық жүргізу мақсатында, жасақ құтқарушыларымен 328 рейд өткізілді, бірлескен рейдтер саны – 22»,- деп ақпарат ұсынды.
Бағдарлама соңында құтқарушылар Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және су қоймаларының жанында балаларды қалдырмауға өтініш білдірді.
 
Жедел-құтқару жасағы
Атырау облысы