37 Jambyl Voda ReiD 1 «Табиғатта жаман ауа-райы жоқ, әр-бір ауа-райы береке...» әнде айтылатындай. Жазғы мерзімінің қызуымен ТЖ департаменттің бағынысты бөлімдеріне су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуін өте жауапты уақыт басталды... Одан бөлек, баланың өмірін қайғылы жағдайдан сақтап қалуға барлық азаматтық қорғау және білім беру органдары сол бағытқа тиесілі.
Су – адамдар үшін қауіпті стихия. Қатаң су беті тіпті қауіпсіздіктің болуына қарамастан, қауіп-қатерге толы. Қиындықтар әдетте, жүзуді білмейтін балаларға келмейді, себебі олар белден төмен терендікке бармайды. Бірақ өздерін жақсы жүзгіштердін қатарына қосады.
37 Jambyl Voda ReiD 2 ТЖ департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылғы 6 айында облыс аумағында 10 оқиға тіркеліп, онда 10 адам суға батып кетіп, оның ішінде 6-бала.
Сондай-ай, 2019 жылғы 11 шілдеде Жамбыл облысында ауа-райының ыстық болуынан шомылуға тыйым салынған жерлерде балалардың қаза болуының көбейуіне байланысты ТЖ Департамент бастамасымен Тараз қаласында шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру бойынша Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен баспасөз турын өткізілді.
Баспасөз туры барысында, Тараз қаласы ТЖ басқармасы бастығының қатысуымен Департаменттің ведомсвтволық бағынысты бөлімшелері Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халыққа шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды, су айдындарының маңында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылуы туралы, сондай-ақ балалардың терезеден құлау-ахуалды тақырыпта әңгімелесу жүргізді. Сонымен қатар, жаднамалар, кітапшалар мен буклеттер таратылды.
Баспасөз турының соңында қала тұрғындары жазғы кезеңінің ойландыратын тақырыптарға қызықты және өнеге көрсетерлік диалог үшін мамандарға алғыс білдірді. Мамандар өз кезегінде жазғы шомылу маусымы аяқталғанға дейін осындай тағыда басқа іс-шараларының өтуін жалғастыруы туралы айтып кетті.
 
Жамбыл облысы ТЖ департаменті