35 Mang stau PP 1 Өрт қауіпті кезеңіндегі ең көп шығу мөлшері шөптер мен қоқыстарды өртеуден туындады, мұндай өрттердің нақты себептерінің бірі азаматтардың отты абайсыз пайдалануы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады. Бүгін, сағат 09:18-де, Ақтау қаласының өрт сөндіру пультіне «Атамекен» тұрғын алабында өрт жөнінде қоңырау түсті, онда № 247 тұрғын үйі 80 ш.м. толығымен өртенді, ал көрші аула арқылы басқа тұрғын үйдің жанында сәкінің үстіндегі көрпелер жанды. Өрттің себебін тергеушілер анықтауда, бірақ үй толығымен өртеніп кетті.
35 Mang stau PP 2 Құрметті маңғыстаулықтар! Келесі өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын білу ғана емес, сонымен қатар сақтау қажет:
- өз учаскесін және оған іргелес жатқан аумақты құрғақ шөптен және жанғыш қоқыстан уақтылы тазарту;
- елді мекендер мен саяжай учаскелерінің аумақтарында жанғыш қалдықтардың үйінділерін орнатуға тыйым салынады;
- көше жолдарын ағаш бұтақтарымен және қоқыспен үйуге болмайды, өйткені мұның бәрі өрт сөндіру автокөліктерінің өтуіне кедергі болады;
- аулалар мен бақ учаскелерінде ашық алаңдар мен аулаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды, сондай-ақ сығылған және сұйытылған газы бар баллондарды сақтауға тыйым салынады.
Көптеген өрттің себептерінің бірі темекі шегу кезінде ұқыпсыздық болып табылады. Сөндірілмеген темекі, темекі тұқылдарын тастау – бүгінгі күні үлкен және қалпына келмейтін қауіптің басты көзі. Ең бастысы, Маңғыстаудың қадірлі тұрғындары, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Үйден шығарда электр құрылғыларын өшіру керек!
Маңғыстау облысының құтқарушылары тұрғындар мен қонақтарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым шараларды бақылауға шақырады, ал өрт кезінде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Өрт жағдайында ең маңызды ереже – бұл үрейге түспеу және сабырлылығын жоғалтпау.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы