29 Jambyl xlebouborka 1 Байзақ ауданының аумағында ағымдағы жылы егілген дәнді дақылдардың жалпы ауданы 13 мың 836 гектарды құрады, егін орағына 26 дана бидай оратын комбайндар жұмылдырылды. 2019 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша аудан аумағында 6 мың 15 гектар дәнді дақылдар орылды.
29 Jambyl xlebouborka 2 Ауылшаруашылығы субъектілерінің бірінші басшыларымен және жұмысшыларымен өрт қауіпсіздікті сақтау, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптарда өсімдік қалдықтарын және басқа да егін қалдықтарын өртеуне жол бермеу, сондай-ақ ауылшаруашылық техникалырын өртке қарсы жағдайға келтіру жөнінде нұсқаулықтар жүргізіліп жадынамалар таратылуда. Яғни, ауылшаруашылық алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 7 нұсқаулық жүргізіліп, 21 адамды қамтыды. Ауылшаруашылық субъектілерінің 9 басшысының қатысуымен табиғи өрттерге жол бермеу және өрт кезіндегі іс -әрекеттер бойынша 1 дөңгелек үстел өткізілді.
29 Jambyl xlebouborka 3 Табиғи өртті алдын алу мақсатында мемлекеттік өрт бақылау, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамымен 13 бірлескен мобилді топ құрылды, олармен далалық алқаптарда өрт қауіпсіздікті сақтау және бақыланбайтын ауылшаруашылық өртеулерді алдын алу жөнінде 31 рейдттер жүргізілді. Құрғақ шөптерді және қалдықтарды жағуға жол берген 8 жеке тұлға әкімшілік жауапкепшілікке тартылып оларға 30 мың 300 теңге айыппұл салынды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстары жандандырылды. Байзақ ауданындағы LED дисплейде, табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған бейнероликтер жарияланды.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан облыс аумағында бидай егістік алқапта бір өрт орын алды 190 га. Яғни, 2019 жылғы 8 шілдеде 13 сағат 01 минутта Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек а/о, шаруа қожалығына қарасты аймақта өрт орын алды, өрттің шығыны мен себебі анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 
Берік Сатыбалдиев,
Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау подполковнигі