28 Mang Vstre4a 1 Жазғы демалыс әрбір бала үшін ең сүйікті уақыттарының бірі болып табылады. Балалардың сүйікті уақытын өткізу орындары балалар білім беру орталықтары болып табылады, бұл жерде тек жаңа достар тауып қана қоймай, шынайы оқиғаға толы демалыс өткізуге де болады. Ал жазды қызықты өткізіп қана қоймай, оны қауіп-қатерсіз өткізу үшін балалар өрт сөндірушілерге қонаққа келді. Әрбір осындай сапар – бұл тек өрт сөндірушінің кәсібімен танысу ғана емес, сондай-ақ әрқайсысына жеке қауіпсіздігі үшін қажетті білім алу.
28 Mang Vstre4a 2 Бүгін Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті. «Zerde» білім беру орталығының балалары өрт сөндірушілерге саяхатқа келді. Өрт сөндірушілерді Кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы азаматтық қорғау подполковнигі Жанна Тагисқызы Нұрбергенова балаларға өрт туралы қалай және қайда хабарлау керектігі, өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, балалардың отпен ойнауының салдары туралы айтып, сонымен қатар қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды.
28 Mang Vstre4a 3 Өрт сөндіру автокөліктері қыздар мен ұлдардың арасында көптеген қуанышқа бөленді, себебі балалар нағыз өрт сөндіру автокөлігінің кабинасына отыруға, өрт-техникалық жабдықтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Қыздар мен ұлдар қызықты әрі танымдық кездесу үшін өрт сөндірушілерге үлкен рахмет айтты, ал өрт сөндірушілер балаларға дабыл бойынша емес, жиі кездесуге тілек білдірді.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы