13 JamByL Dialog 1 Ағымдағы жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ғимаратында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК КТИ курсанттары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қоғам алдында адал және шынайы құтқарушылар ұрпағы» тақырыбында ашық диалог форматында іс-шара өткізілді.
Алғашқы болып бөлімшенің түрлі бағыттары бойынша жұмыстарын өзгелерден біршама жетік біледі деген ниетпен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигіМақсат Амантайұлы Қосыбаевқа сөз берілді.
Ол өз сөзінде «ең алдымен мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық бюро департаментітеріне қызмет атқарғандары үшін шын жүректен үлкен алғысын білдіретіндігін жеткізді. Ол өз сөзінде «бүгінші шара барысында біз 3 бағыт бойынша талқылайтын боламыз. Ең алдымен ауа-райының ыстық-суығына қарамастан, күні-түні тыным таппай халық игілігі үшін адал қызмет атқаратын Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің жауынгерлік қызметі бойынша тоқталамыз. Одан әрі кадр саясаты бөлімінің жұмысы және сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен тікелей байланысты инженерлік-инспекторлық құрамның жұмысы жөнінде айтпақпыз. Өзімнің тарапымнан айтарым, аталмыш шара барысында неғұрлым ашық-жарқын пікірлесеміз деген ойдамын. Біз осынау әрекетімізбен, яғни әдеп бағыты бойынша азаматтық қорғау органында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға айтарлықтай үлес қосарымыз анық» деп сөзін нықтай түсті.
Одан әрі шара ағымдағы 2019 жылғы 15 сәуірде Тараз қаласында құрылысы аяқталмаған үйдің ең жоғарғы қабатына шыққан қыздың өзіне өзі қол жұмамақ болған әрекетін тойтарып, қызды құтқарып қалған Тараз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Азамат Нұрмаханұлы Көпбосынов өзінің сол кездегі өз басынан өткерген ішкі сезімімен көпшілікпен бөлісті. Шараға қатысушылар да асқан бір қызығушылықпен көкейдегі сұрақтарына қанағатанарлық деңгейде жауап алып жатты.
Одан әрі ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы Равиль Куанышбайұлы Тюлебаевқа сөз беріліп, ол өз сөзінде от жауынгерлерінің қиын әрі қауіпті қызметтері жайлы өз ойын жеткізді. Ол сондай-ақ жалпы мемлекеттік қызметші қандай болуы керек деген сұрақ төңірегінде де әңгіме өрбітті.
Жалпы өрт сөндіру қызметінде «от жауынгерлері өртке сусыз келді, аса баяу қимылдайды» немесе олардың қалай әрекет етулері қажет екендіктерін үйрету мақсатында әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан әуесқойлықпен түсірілген бейнетаспалар өкінішке орай әлеуметтік желілерге жүктелуде. Міне осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Шухрат Муртаевтың қызмет барысында түсіріліп, дайындалған бейнеролигі көпшілік назарына ұсынылды. Аталмыш роликтен соң Шухрат жиылған көпшіліктің ортасына шығып, өзінің басынан өткерген түрлі сипаттағы оқиғаларымен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарымен таныстырды.
Мұнан кейін Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық бюро департаментінің бастығы Арман Тастемірұлы Рахимов от жауынгерлерінің көзсіз әрі батыл әрекеттеріне таңданысын жасырмай, оларға қызметте табыс тілей келе жалпы азаматтық қорғау органында жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерінің өте сирек ұшырасатындығын тілге тиек етті.
Келесі сөз Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Алиасқар Нухматуллаұлы Айтжановқа берілді. Өз сөзінде ол өрт қауіпсіздігі саласын бақылау бойынша, атап айтқанда инспектор мен ұйым немесе өндіріс өкілінің арасындағы тікелей байланыс, жемқорлыққа алып келуі ықтимал фактілер, тексеру жайлы инженерлік-инспекторлық құрамның қызметі бойынша қысқаша әңгімелеп берді.
Еркін форматта өткізілген шараға белсене қатысқан қызметкерлер өз ойларын ашық әрі еркін жеткізіп, бір-бірімен алма-кезек пікір алмасып отырды. Одан әрі келесі сөз облыс белсенділерінің бірі, кинорежисссерлікті жаңа бастап жүрген Тоғайбек Алишерге берілді. Ол өз кезегінде жұртшылыққа өзінің бастамашылық етуімен түсірілген 1 минуттық трейлерді ұсынды. Сондай-ақ ол жалпы осындай трейлер түсіру идеясы алғаш рет қалай пайда болғандығын да жиылған көпшіліктен жасырып қалмады.
От жауынгерлерінің күрделі мамандығының қыр-сыры жан-жақты әңгімеленген соң кадр жұмыстары жөнінде аз кем тоқталды. Өрт сөндіру мекемесінің кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Мадина Гарифова лауазымды ваканттарға орналасу жөніндегі байөаулардың шарттары жөнінде жан-жақты тілге тиек етті. Ал мұнан әрі үміткерлерді іріктеу жұмыстарының тұрақты бақылаушысы Абдурахман Юлдашевич сөз сөйлеп, өз ойын жеткізді.
Ал келесі болып сөз алған кадр саясаты бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Назира Закировна Турабекова үміткерлердің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсуі жөннідегі шарттарымен таныстырып, үміткерлерді іріктеуден өткізу кезінде қандай мәселелерге ерекше көңіл бөліну қажет екендігін ескертті.
Шараға қатысушылар да өз тараптарынан бүгінгідей жаңа форматтағы іс-шараға көңілдері толатындықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірісті. Мекеменің бастықтары да өз кезегінде осындай бағыттағы жұмыстардың одан әрі жаоғасын табатындығын жеткізді.
 
Жамбыл облысы
ТЖД Өрт сөндіру мекемесінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы