35 Kyzyl Orda 1 Суға шомылу кезеңінен бастап Қызылорда облысы бойынша 120-дан астам рейдтер жүргізілді. Осы іс-шаралар кезінде облыстағы су айдындарында, көлдер мен өзенде, канал мен бассейндерде суға шомылудағы қауіпсіздікті сақтау туралы айтылды. Сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарда, базарлар мен сауда орындарында, вокзал мен автовокзалда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көпшілікке «Суға шомылу кезеңінде сақ болыңыз» атты бейнероликтер көрсетілді.
35 Kyzyl Orda 2 2019 жылдың 18 шілдесінде ұйымдастырылған рейд барысында да осы жұмыстар жалғасын тапты. Қаладағы өзен жағасына жақын орналасқан Ескі базар маңында халыққа суға түсудегі қауіпсіздік ережесін сақтау туралы әңгімеленді. Оған қоса саяжай тұрғындарына да түсіндірме жұмысы жасалды. Осы үгіт-насихат жұмыстары барысында 180-нен астам тұрғындарға түсіндірме жұмысы жасалды. Сонымен бірге, түсіндірме жұмысын атқарушылардың бір бөлігі «Грандаква» суға түсу орталығына да барды. Олар мұндағы демалушыларға суға кету қаупіндегі адамға көрсетілетін алғашқы көмектің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Осы іс-шараларға Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілері де қатысты. Сондай-ақ осы жұмыстар жөнінде бейнеролик жасалып, көпшілікке таратылды.
 
Қызылорда облысы ТЖД