29 Mang bezop Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері ата-аналардың назарын жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне аударады.
Қазіргі заманғы өмір тез дамып келеді және ата-аналардың ақпараттандырылып, өз балаларына қауіпсіз өмір салтының әдеттерін сіңіру үшін барлық мүмкіндіктері бар. Қайғы болған кезде ата-аналардың қолдарын кесіп тастағандай және өздеріне «Неге? Не үшін?» деген сұрақтар қойылады. Бірақ қайғылы оқиғадан қалай құтылуға болатынын және болдырмаудың жолын іздеп ойлайтындар сирек кездеседі.
Айналаңда барлығы жанып жатқан кезде – ол өте қорқынышты. Өрт далалы, орманды үлкен алқаптарды қамтитын жерлерде болған кезде, одан да бетер қорқынышты. Сөндірілмеген алау, жапырақтардан тұратын құрғақ төсемеге тасталған сіріңке, өрттің себебі болуы мүмкін. Өрттің пайда болу ошағы тұрғын үйлерден ондаған және жүздеген шақырым қашықтықта болуы мүмкін, ал оның ауқымы даланың үлкен алқаптары жанған кезде ғана айқын болады. Осындай өрттерден шыққан түтін (әсіресе ашық жердегі жағдайларда) желмен ондаған шақырым алып өтеді.
Табиғи ортада өрттерді болдырмау мақсатында: жанып жатқан сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді далаға тастауға тыйым салынады. Далада өздігінен жанатын материалды: маймен, бензинмен сіңірілген шүберектер, әйнекті ыдысты тастауға болмайды, себебі ыстық күнді ауа райында күн сәулесімен тоғыстыруы және құрғақ өсімдіктерді қыздыруы мүмкін. Бақшаларда, егістіктерде, ағаштардың астында құрғақ шөптерді және қамыс жағуға; желді ауа райында от жағуға және оны қараусыз қалдыруға; қоныстан кеткеннен кейін жанып тұрған от қалдыруға тыйым салынады. Табиғи өртті байқаған кезде өрт ошағын өз күштеріңізбен жоюға тырысыңыз; егер мұны істеу мүмкін болмаса, қауіпті аймақтан тез арада кетіңіз. Жолда, су айдынына шығу керек. Ауыз бен мұрынды дәке таңғышпен немесе дымқыл шүберекпен жабыңыз да жер жанындағы ауамен (ол аз түтінденеді) дем алу керек.
Құтқарушыларға тұрған орын туралы міндетті түрде хабарлаңыз.
Есіңізде болсын, құрметті ата-аналар! Бала қауіп іздемейді – ол жай ғана ойнайды!
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы