28 ZRAOSO 1 18 шілдеде жедел құтқару жасағының құтқарушылары Атырау қ. «Коркем-ай» мемлекеттік балабақшасына барып келді.
Жедел құтқару жасағының бас құтқарушылары Гумаров Роберт пен Дюсенгалиев Бауыржан 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге қызықты да танымдық сабақ өткізді.
Олар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп қана қоймай, суға батқан кезде адамға алғашқы көмекті қалай дұрыс көрсету керектігін көрсетті.
Құтқарушылар балаларды қызықтыра алды, бүлдіршіндер құтқару құрал-жабдықтарын аса қызығушылықпен қарап, әрқайсысы құтқару кеудешесін киіп, ысқырықпен қалай көмекке шақыру керектігін үйренді.
Сондай-ақ, құтқарушылар "Көркем-ай" балабақшасының тәрбиешілерімен де әңгімелесіп, суда абай болуды ескертті.
Атырау облысы бойынша 2019 жыл басынан бері 10 адам, оның ішінде 5 бала суға кеткендігі жөнінде қайғылы статистиканы жеткізді.
«Балалар қауіп-қатерді түсінбей, суда өздерін еркін ұстайды, себебі оларда су алдында қорқыныш сезімі жоқ. Сондықтан, ата-аналар балаларды су айдындары жанында жүргенде қатаң бақылаулары керек.
Ал біз, құтқарушылар балаларға ойын түрінде сабақтар өткізе отырып, судағы қауіптер туралы, ата-анасының қарауынсыз су айдындарында жалғыз жүруге болмайтындығы туралы, құтқару кеудешесінсіз балаларға шомылуға болмайтындығы туралы жеткізуге тырысамыз. Себебі, суға батқандардың жартысынан көбі – балалар!», - деп атап өтті Роберт Гумаров.
Соңында, тақырыпты пысықтау мақсатында, әр балаға жадынамалар таратты.
 
Атырау облысының
жедел-құтқару жасағы