23 1 Тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтар арасындағы байланыс болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанды барлық халықтар біледі. Бұл мақтаныш белгісі емес, шындық дәлелі. Біздің даңқымыз бен абыройымыздың негізі-бұл, сөзсіз, Қазақстанды өз Отаны деп санайтын бүкіл ұлттың бейбітшілік пен достығы.
23 2 «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында өз қызметкерлері арасында жыл сайынғы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» атты полиглот байқауы өтті. Байқаудың мақсаты-өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің арасында тек мемлекеттік емес, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді меңгергендерін анықтау. Өртке қарсы қызметтің 3 қызметкері қатысты.
Бұл байқау 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздері туралы кез келген тілде таныстыру керек болды. Келесі кезең сәл күрделілігімен ерекшеленді. Қатысушылар төтенше жағдайлардың терминалогиясы бойынша 10 жәй сөздердің аудармасын жазды, бірақ өртке қарсы қызмет қызметкерлері еш қиындықсыз бұл жолданда өтті. Олар үш тілде жауап беруге тырысты. Ал үшінші кезеңде біздің қатысушылар өздерінің құпия таланттарын көрсетті. Олар әуелетіп ән салып, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңін де оқыды.
Жиналған көрермендер мен қазылар алқасының мүшелері риза болды. Қазылар алқасы қатысушыларды 5 балдық шкала бойынша бағалады. Осылайша, қажырлы күресте Қостанай қ. 1-МӨСБ өрт сөндірушісі Наурызбаев Жандос
Жаңбырбайұлы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Өрт сөндіру қызметінің заңгері Тасанова Әйгерім Бектемірқызы алды. Үшінші орынды жедел кезекші (өрт сөндіру басшысының орынбасары) азаматтық қорғау подполковнигі Игорь Сергеевич Мерц иеленді.
Бірінші орын иегері облыстық және республикалық деңгейде қатысатын болады. Жандос Жанбырбайұлына сәттілік серігіңіз болсын деп тілейміз. Біз оның әлі талай биік белестерді бағындыратынына сенеміз.
«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
баспасөз қызметі