22 1 Кешенді оқу-жаттығу барысында Аққулы ауданының ресми жағажайында «Ертіс өзенінің су айдынында батқан адамдарды құтқару кезіндегі АҚ қызметтердің әрекеттері, ерікті құтқарушылардың, волонтерлік мекемелердің өзара әрекеттесу» тақырыбы бойынша адамдарды суда құтқару бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
22 2 Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты: су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу, жаз мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, нормативтік уақытта авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жасақ бөлімшелерінің өзара іс-қимылы мен үйлесімділігін арттыру.
22 3 Кіріспеге сәйкес жас жігіт жағажайда орнатылған жүзудің шекарасын елемей, Ертіс өзенінің қарама-қарсы жағасына жүзуді шешті, алайда өз күштері мен мүмкіндіктерін жете бағаламады, суға бата бастады.
22 4 Құтқарушылар адамдарды суда құтқару әдістері мен тәсілдерін көрсетті, одан кейін шартты зардап шеккен адамды мамандарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін мамандарға тапсырды.
Сонымен қатар, демалушылар арасында жадынамалар таратылып, әрбір демалушыға су айдынындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ақпарат жеткізілді.
Павлодар облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы