poliglot 1 Түркістан облысының ТЖ департаментінде облыстық «Полиглот» байқауы өткізілді. Байқауда Департаменттің ведомстволық бағынысты бөліністері мен құрылымдық бөлімшелерінің 8 қызметкері бақ сынасты. Байқауда әділқазылар алқасының мүшесіне Түркістан қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығының» ағылшын және қазақ тілі пәндерінің оқытушылары шақырылды.
Байқаудың мақсаты - тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ қазақ, орыс, ағылшын, тағы басқа да тілдерді еркін меңгерген қызметкерлерді анықтау.
«Полиглот» байқауына қатысушылардың алдына қойылған басты міндет – үш тілді білу деңгейін көрсету, терминдердің аудармасын айту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу деңгейін көрсету.
poliglot 2 Байқау бес кезеңнен тұрды:
1.Өзін-өзі таныстыру;
2.Төтенше жағдайлар саласы бойынша терминдерді аудару;
3.Қазақ халқының салт-дәстүріне, тұрмысы мен мәдениетіне байланысты сұрақтар;
4.Берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ахуалды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бағалап, сипаттап беру;
5.Билетте кириллицамен берілген сөздерді латын графикасында жазу.
Барлық қатысушылар қазақ халқының дәстүрлерін жақсы білетіндерін көрсете отырып, латын әліпбиінде жазу тапсырмасын сауатты орындады, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ахуалды ағылшын тілінде сипаттап берді.
Әділқазылар алқасының шешімімен өз қарсыластарынан басым түскен Қырықбай Асылбек Ақылбекұлы 1 орынды иеленіп, қыркүйек айында Ақмола облысы Көкшетау қаласының ТЖ департаментінде өтетін республикалық байқауда бағын сынайтын болады. Бұл іс-шара облыстық «Оңтүстік» телеарнасынан көрсетілді.
Түркістан облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы