20 1 Елордалық құтқарушылар «Изумрудный квартал» әкімшілік ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде 4-ші қабатта ұйымдастырушылық техника мен бөлме құрылыстарының жануы орын алды. Қызмет көрсету персоналы өрт шыққанын көріп, өртке қарсы қызметке хабар берді және ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын бастады. Шақыру орнына №3 жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жедел ден қою қызметтері жіберілді.
20 2 Оқиға орнына келіп жеткен сәттен жауынгерлік өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жедел түрде басталды. Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында зардап шеккендерді құтқару үшін іздеу және эвакуациялауды тоқтатпастан барлау жұмыстарын жүргізеді. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар жаттығу кезінде жедел медициналық көмек көрсету кезіндегі парамедиктің іс-әрекеттері бағаланды. Өрт сөндіруші-құтқарушы шартты түрде зардап шеккен адамға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, АМО дәрігердің және фельдшерінің бағалауы бойынша реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілді.
Барлық шұғыл қызметтер жедел әрекет етті, улы газбен уланып, зардап шеккендерге жедел көмек көрсетілді және жақын жердегі медициналық мекемеге тасымалданды. Құтқарушылар мен қаланың шұғыл қызметтерінің үйлесімді және жедел іс-әрекеттері өртті сәтті жоюға мүмкіндік берді. Барлығы 1920 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды, оның ішінде зардап шеккен 1 адам болды.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін өрт сөндіргіштің бастапқы құралдарын қалай пайдалану керектігі көрсетілді, онда қатысушылар өздерін «өрт сөндіруші» ретінде сынап көрді.
Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – адамдарды эвакуациялау әдістері мен тәсілдерін пысықтау, адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өртті сөндіру.
Астана қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ